БЕС МЫҢЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖӘДІГЕР
Мұндағы жәдігерлер 5 мыңжылдық тарихтан сыр шертеді. Сыр аймағынан жалпыұлттық қасиетті нысандар тізіміне 12, ал өңірлік деңгейге 35 тарихи-мәдени ескерткіш енгізілген. Мұражайдағы жаңа экспозияциялар залынан ежелгі Шірік Рабат, Сығанақ, Жанкент, Жент қалашықтарында қолданылған тұрмыстық және әшекей бұйымдарды көруге болады. Әсіресе, ортағасырлық шаһарлардан табылған 400-дей дана алтын, күміс теңгелер музейдің басты құндылықтары қатарында. Бұл жәдігерлерді жергілікті археологтар 2005 жылдан бері жинақтаған.
Асхат Сайлау, облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі:
- «Қазақстанның киелі жерлері географиясы» жобасында ескерткіштер 5 топқа жіктелген. Бірінші – табиғи мұралар, екінші – археологиялық кешендер, үшінші – діни-ғибадат орындары, төртінші – жеке тұлғаларға арналған нысандар және саяси оқиғаларға байланысты нысандар. Енді осы 5 топқа жіктелген нысандар бойынша 4 сөреге орналастырдық.