ҚЫЗЫЛОРДАДА ТҰМАН ТҮСІП, КӨКТАЙҒАҚ БОЛАДЫ
Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жауын жауады, тек республиканың шығысында ауа райы жауын-шашынсыз. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, жаяу бұрқасын болады, солтүстікте, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста көктайғақ болады. Елдің басым бөлігінде тұман сақталады.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с болады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде 30 м/с-ға дейін күшейеді.
Жамбыл, Қызылорда облыстарында көктайғақ күтіледі. Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі, түнде Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, түнде Атырау, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Атырау облысында көктайғақ болады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді.