TED ФОРМАТЫНДА ДИАЛОГ АЛАҢЫ
Қызылорда облыстық білім басқармасының жоспарына сәйкес Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған №4 облыстық мектеп-интернатында «Шаңырақ» жобасы негізінде тәрбие жұмысын жүзеге асырудағы инновациялық технологиялар» атты TED форматында диалог алаңы өтті.
Шара аясында мектеп-интернат ұжымы әзірлеген Рухани жаңғыру мен «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығының сабақтастығын оқу-тәрбие үдерісінде ұйымдастырудың үлгілік нұсқаулығының презентациясы таныстырылды.
«Әлеуметтік жобалар – тәрбие үдерісінде» тақырыбындағы жоба жетекшілері мен белсенді оқушылардың таныстырылымы ұсынылды. Олар «Туған елге тағзым», «100 кітап», «Көшбасшы», «Қоғамға қызмет ету», «Қазақ әндері» әлеуметтік жобалары бойынша атқарылған жұмыстар мақсаты, тиімділігі, нәтижесі туралы тәжірибелерімен бөлісті.
Облыстық TED форматындағы диалог алаңына қатысушылар әлеуметтік жобалар бойынша 6 тәрбие сағаттарының серияларына қатысып, тәрбие сабақтары жаңа форматта, интербелсенді әдістерге негізделіп, кіріктірілген оқыту түрімен жүргізілді.
Шараға облыстағы 46 инновациялық мектептердің басшылары, оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, барлығы 300-ден астам маман қатысты.