СИНОПТИКТЕР ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ЖЕЛ КҮШЕЙЕДІ ДЕП БОЛЖАУДА
Синоптиктердің болжауынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде қар-жауын жауып, боран соғады, жел күшеюі мүмкін, тұман түсіп, көктайғақ болады, тек республиканың шығыс бөлігінде күн ашық болады, деп хабарлайды BNews.kz.
Сонымен, «Қазгидромет» РМК мәліметінше, Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, ұйытқып боран соғады, түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Жамбыл, түнде және таңертең Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, Қостанай облысында боран соғады. Маңғыстау, күндіз Атырау, Ақтөбе облысында 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжануда, Маңғыстау облысында көктайғақ болады. Алматы облысында түнде тұман түсіп, күндіз Алакөл ауданы аумағында жел 18-23 м/с-қа дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Астанада ауа-райы жауын-шашынсыз болады, ауа температурасы -8...-10°С құрайды. Алматыда 4...6°С жылы болады.