РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫҢ ДАРА ЖОЛЫ

Оқу барысында ұлттық қол өнер бұйымдарының және робототехника бұйымдарының көрмесі қойылды.
Көрмеден кейін қатысушыларға «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық басқару офисінің «Тәрбие және білім» бөлімінің басшысы Әлима Әбдіхалықова бағдарламалық мақаланың жалпы идеологиясын «Ұлттық сана» тұрғысында түсіндірді. Мұнан кейін қатысушылар «Бәсекеге қабілет», «Білімнің салтанат құруы», «Прагматизм» басым бағыттар бойынша секцияларға бөлініп семинар-тренингке қатысты.
Шара соңы пленарлық отырыспен қорытындыланды.
