ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ КЕЙ ЖЕРЛЕРІНДЕ КӨКТАЙҒАҚ БОЛАДЫ
Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, тек республиканың оңтүстік-шығысында, орталығында және шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Елдің кей жерлерінде жел күшейеді, жаяу бұрқасын соғып, батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында көктайғақ болады.
Республиканың басым бөлігінде тұман сақталады. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 25 м/с күшейеді. Жамбыл, Атырау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады.
Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болып, бұрқасын болуы ықтимал.