ХҚКО: АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР САРАЛАНДЫ

Шара барысында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша өткен жылда атқарылған жұмыстар сараланып, саланың бірқатар өзекті мәселелері қаралды. Департамент басшысы Айнұр Тобаева қызметкерлерді алдағы атқарылатын ауқымды жоспармен таныстырып, жауапты қызметкерлерге нақты тапсырмалар берді.
Жиын соңында бірқатар қызметкерлер облыс әкімінің алғыс хатымен, департамент басшысының грамоталарымен марапатталды.
Одан әрі ұжымда «Командадағы тиімді жұмыс» тақырыбында корпоративтік тренинг өтті.

