БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДА ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

Атап айтқанда, бөліммен қалаішілік және қала аумағында қатынайтын маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тұрақты автокөлікпен тасымалдауға қызмет көрсету құқығына арналған конкурс өткізуде артықшылық жағдайға қоятын жеңiлдiктер, басқа да артықшылықтар беру, бәсекелестермен салыстырғанда қызметтерінде қолайсыз немесе кемсітушілік жағдайлар жасау бойынша заң бұзушылықтарға жол берілген.
Осы ретте, департаментпен бөлімге қатысты ҚР бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуды жою туралы нұсқама шығарылды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика
министрлігі Табиғи монополияларды реттеу,
бәсекелестікті және тұтынушылардың
құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда
облысы бойынша департаменті