ЖАҢА ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІ – ТІЛІМІЗ ҮШІН ЖАСАЛҒАН ЖАҢА ҚАДАМ

Әрине, бұл өзгерістердің алдыңғы нұсқаларға қарағанда тиімді екені көрініп тұр. Себебі, бұған дейінгі талқылаулар барысында көпшілік апострофтар қолданудың тиімсіз тұстарын жиі айтқан болатын. Бірнеше әріптер диграф түрінде жазылып отыр. Бұл орайда әліпбидің жаңа нұсқасына қарап отырып, жұмысшы топтың техникалық тұрғыда ІТ мамандармен жұмыс жасағандығын, ең бастысы мемлекет басшысының стратегиялық шешім қабылдарда халықтың пікірін ескергендігін анық байқауға болады.
Тарихқа көз жүгіртсек латын әліпбиін Алаш қайраткерлері де жазу-сызуда қолданды. Сондықтан бұл бізге таңсық дүние емес, еліміздің мәртебесін күшейту жолындағы нақты қадам екенін халыққа жеткізуіміз керек.
Ибадулла ҚҰТТЫҚОЖАЕВ,
«Нұр Отан» партиясы
Қызылорда облыстық филиалы
төрағасының бірінші орынбасары