МҮГЕДЕК СПОРТШЫЛАРҒА АВТОКӨЛІК БЕРІЛДІ
Бүгін Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Нұржан Әлібаев мүгедек спортшылармен кездесіп, Тұңғыш Президент күнімен құттықтады. Және мерекеге орай спортшылардың жаттығуға қатынау үшін шағын автобустың кілті салтанатты түрде табысталды.
Қазіргі таңда «Мұз айдыны» спорт кешенінен мүмкіндігі шектеулі спортшылар үшін отырып ойнау волейболы, жеңіл атлетика, пауэрлифтинг бөлімдері жұмыс жасауда. Облыста бұл спорт түрлері бойынша 29 секцияда 258 спортшы шұғылданады.
Республикалық, халықаралық жарыстарда жақсы нәтиже көрсетіп жүрген 9 спортшыға стипендия тағайындалды. Оларды спорттық киімдермен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын облыстық бюджеттен қаржы бөлініп келеді.
Өткен жылы Қызылорда қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылардың жетістіктерін арттыру мақсатында паралимпиялық комитет ашылды. Ал биыл ҚР ұлттық құрама мүшелігіне облыстан 16 спортшы енді. Үстіміздегі жылы Инчхон қаласында өткен Пара Азия ойындарына облысымыздан 4 спортшы қатысып, шеберліктерін шыңдады. Сондай-ақ, аймағымызда мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында 7 – ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 25 – ҚР спорт шеберлері дайындалды.
- Облыста мүмкіндігі шектеулі спортшылардың тыңғылықты дайындығы мен кәсіби біліктілігін арттыруға қолайлы жағдай жасау үшін автокөлікпен қамтамасыз етуді жөн санадық. Ендеше, осы көлік игіліктеріңізге қызмет жасап, болашақта спортшыларымыз әлемдік деңгейдегі жарыстарды бағындырып, облыс, республика мерейін үстем етеді деп сенеміз, - деді облыс әкімінің орынбасары Н.Әлібаев.