ҚҰТҚАРУШЫ БАЛАЛАРДЫҢ КӨЗІМЕН
Қазалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінде «Құтқарушы балалардың көзімен» атты сурет салудан байқау өтті. Байқауға ауданда орналасқан №95, 249, 17, 16, 70, 170, 226, 234, 266, 165 орта мектептен 10 оқушы қатысты. Сайыс басталар алдында балалар Қазалы ауданы №4 өрт сөндіру бөлімінің тыныс-тіршілігімен танысты. Сайыс соңында бөлімнің ардагері Жангелді Тұрымбет сайысты қорытындылап, балалар мен ұстаздарға жұмыстың қиыншылықтары мен қызықшылықтары туралы айтып, жеңімпаз оқушыларды бағалы сыйлықтармен марапаттады. Сурет байқауының жеңімпазы №266 мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы Демеу Айзат 1- орынды иеленді.
Қазалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі