№ 233 ОРТА МЕКТЕПТЕ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ БҰРЫШЫ АШЫЛДЫ
Қызылордада №233 орта мектебінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа арнап, 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай, "Елі сүйген, елін сүйген Елбасы" атты мерекелік іс шара өтті. Бұл туралы аталмыш мектептің директоры Альфия Мусаева хабарлады.
Шараға қалалық білім беру бөлімінің басшысы Марат Аралбаев пен «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облысы филиалы төрағасының орынбасары Жандос Базартай қатысты. Кездесуде оқушылар өздерінің әзірлеген мерекелік бағдарламасын ұсынып, өнерлерін паш етті. Ал шараға қатысушы қонақтар кез келген асуларды білімнің арқасында бағындыра алатындықтан, ең алдымен білім алу керектігін айтып өтті. Кездесу соңында «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» Тұңғыш Президент бұрышы ашылды.
Шынар БЕКБАН