«КЕҢЛІК» КЕН ОРНЫ АЙМАҒЫНДА МҰНАЙ «ӨРТЕНДІ»
«Саутс Ойл» ЖШС-нің «Кеңлік» кен орны аймағында «Мұнай мен газды әзірлеу және айдау цехындағы төтенше жағдайлар себептерін жою» тақырыбында арнайы тактикалық жаттығу өткізілді.
Арнайы тактикалық жаттығу екі бағытта өтті.
Бірінші – Мұнай мен газды әзірлеу және айдау цехында мұнай өнімінің төгілу және жану қаупіне байланысты төтенше жағдай орын алады, нысанның жеке құрамына өз уақытында хабарланып, өрттен құтқару қызметі мен құрамдары келді және нысанның жұмысшылары қауіпсіз аймаққа шығарылды.
Екінші – техникалық жүйенің бұзылуына байланысты газдың шығуы және жарылу қаупі туындайды.
«Өрт сөндіруші» АҚ Қызылорда облысы филиалының жұмысшылары төтенше жағдай орын алған аймаққа қорғайтын жабдықтармен келді, құтқару және төтенше жағдай салдарын жою жұмыстарын жүргізді.
Арнайы тактикалық жаттығуды жүргізу барысында нұсқамалар, Мұнай мен газды әзірлеу және айдау цехы жеке құрамының, авариялық құтқару қызметінің, нысан жеке құрамының жұмыстары қаралды.
Арнайы тактикалық жаттығуға нысанның ерікті өрт сөндіру құрамы және екі өрт сөндіру техникасы қатыстырылды.
Нысан басшылығы аталған жаттығуға оң баға беріп, жұмысшылардың ұйымшылдығы, жедел қимылдауы туралы айтып өтті.
«Өрт сөндіруші» АҚ Қызылорда облыстық филиалы