МОНОГРАФИЯ РЕСЕЙЛІК БАЗАДА ИНДЕКСТЕЛЕ БАСТАДЫ

РИНЦ – бұл ғалымдардың 12 миллионға жуық жарияланымдарын біріктірген, ғылыми сілтемелер мәліметтерін қалыптастыратын Ресейдегі ұлттық библиографиялық база. Бұл жобаны 2005 жылдан бастап «Ғылыми электронды кітапхана» (elibrary.ru) жүзеге асырып келеді.
Айта кетейік, бұл базада М.Насимовтың ғылыми еңбектері 2013 жылдан бастап индекстеле бастады. Бүгінде жас ғалымның 57 жарияланымын «elibrary.ru» ғылыми электронды кітапханасынан табуға болады. Оның үшеуі монография болса, қалғандары оқу және оқу-әдістемелік құралдары.