ҰСТАЗДАР ОҚУШЫЛАРЫМЕН БАҚ СЫНАСТЫ
Тұңғыш Президент күніне орай Назарбаев Зияткерлік мектебінде мектепішілік спартакиада өтті. Бұл жолы оқушылар ғана емес барлық мектеп қызметкерлері қатысып, Елбасының Саламатты-Қазақстан бағдарламасына сәйкес салауатты өмір салтын насихаттады.
НЗМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, әкімшілік, ұстаздар, кураторлар, оқушылар жәнетехникалық қызметкерлерден құралған 5 команда қатысуға ниет білдірген-ді. Олар баскетбол, үстел теннисі, дартс, қол күрес және арқан тарту секілді спорт түрлерінде бақ сынасып, жақсы ойын өрнегін көрсете білді. Спартакиаданың бас төрешісі Жанна Омарованың айтуынша, бұқаралық спортты дамыту бағытындағы шаралар мектеп қабырғасында жиі өткізіліп отырады. «Өткен жылы Шымкент қаласында бірінші желілік спартикиада өткізілді. Сол кезде біздің команда жүлделі 2 орынды жеңіп алды. Бүгінгі ойында оқушы мен оқытушылар арасындағы байланыс орнығып, қарым-қатынастары одан әрі нығая түседі деген сенімдеміз», - дейді өз сөзінде Жанна Омарова.
«Айта кетейік Тұңғыш Президент күнінің атап өту мақсатында мектепте арнайы апталық жарияланды. Қарашаның 24-нен бастап оқушылар түрлі іс-шараларға қатысып, Елбасының өмірі мен оның еңбегі туралы және тәуелсіз мемлекеттің жеткен жетістіктері жайында насихаттық жұмыстар жүргізуде. Бүгінге дейін мектепте «Бір мақсат, бір тағдыр, бір болашақ» атты кітаптар көрмесі, «Менің Тұңғыш Елбасым» атты эссе байқауы, «Өмір сүруге ыңғайлы мемлекет» тақырыбында TEDxNIS конференциясы және «Тәуелсіз Қазақстаным» атты интеллектуалды ойындар өткізіліп, жастардың туған жеріне деген партиоттық сезімі артты», - делінген хабарламада.
Апта соңына дейін «Елбасы-елімнің тірегі» кураторлар сағаты мен дебат ойындар ұйымдастырылып, апталықтың жабылу салтанаты мерекелік концертке ұласады.
Шынар БЕКБАН