ЖАҢАЛЫҒЫ БАР ЖАҢА ӘЛІПБИ

Жазуда көзге қораш көрінген апострафпен таңбалау нұсқасын өзгертіп, дәйекше және диграфтармен таңбаланған бұл нұсқа халықаралық латын негізді әліпбилерге өте жақын, қолдануға ыңғайлы әрі жазып үйренуде көп қиындық туғызбайды. Әліпби түзу кезінде емлелік қағидаттарымен қатар сараптамалық-техникалық комиссияның да ережелері қатар ескерілді. Алайда бұл нұсқаға да алдағы уақытта өзгерістер енгізілетінін ескерте кеткен жөн. Себебі жұмысшы топ шілде айына дейін емле ережелерін жасау үстінде кей тұстарды өзгертуі әбден мүмкін. Сондықтан бүгінгі нұсқамен де көз үйрену жұмыстарын жүргізгеніміз абзал.
Нұрсауле МУСАЕВА,
Қызылорда облысының тілдерді
оқыту орталығының директоры