ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІН АТАП ӨТТІ
Бүгін қызылордалықтар Тұңғыш Президент күнін салтанатты түрде атап өтті. Шараға облыс әкімі Қ.Көшербаев қатысты.
Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар берген Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз! Елбасының елдің еңсесін тіктеуде атқарған еңбегі бейнекөрініс арқылы көрсетілді.
- Ел билеу – елден жоғары тұру емес. Халқының жолына түн ұйқысын төрт бөлуі. Қиындық көлденеңдеген кезде өзін-өзі ұмытып, тәуекелге баруы, күйіп-жануы! Осының бәрін Елбасы ерен еңбегімен, күш-қайратымен құрыш құйғандай күн сайын дәлелдеп жүр, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Қазақ елі тәуелсіздік жылдарында қаншалықты толымды табыстарға қол жеткізсе, оған Сыр елі де өз үлесін қосып келеді. Алаштың анасына баланған аймақ Мемлекет басшысының барлық бастамалары мен жүргізіп отырған саясатын зор ықыласпен қабылдап, қолдау көрсетуде.
Мерекелік шарада жергілікті өнерпаздардың ән-шашуымен жалғасты.