МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫНЫҢ ЕҢБЕКАҚЫСЫНА ҮСТЕМЕ ТӨЛЕМ ҚОСУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР

"Директорлардың орынбасарлары, директорларға қатысты қиындықтар бар. Бұл мәселені аттестация арқылы шешеміз. Қазірде директорлар азаматтық қызметкерлер ретінде аттестацияны үш жылда бір тапсырады. Ол үлкен мектепте немесе шағын мектеп пе, жұмысын жақсы атқара ма, жоқ па оның айлығы өспейді, қосымша төлем жоқ. Сондықтан министрлік бұл мәселені қолға алмақ. Әріптестерімізбен бірге директорлар мен орынбасарларының жалақысын дифференциациялау мүмкінідігін қарастырып жатырмыз", - деп хабарлады вице-министр Асхат Аймағамбетов әлеуметтік-мәдени даму комитетінің біріккен отырысы кезінде.