«ПРОБАЦИЯ» ПРОФЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ
Ағымдағы жылдың 19 ақпаны мен 02 наурызы аралығында «Пробация» атты республикалық профилактикалық іс-шарасы өтеді.
Аталған іс-шара аясында Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметімен мобильді топтар құрылып, пробация қызметінің есебінде тіркеуде тұрған сотталғандарды мекенжайларын күшейтілген кестеге сәйкес тексерулер ұйымдастырылып, жаза өтеуден жалтарып жүргендерді іздестіріп табу жұмыстары атқарылады.
Іс-шара қоғамнан оқшаулаусыз жазаларға сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың және қылмыстың алдын алу, жаңадан құқық бұзушылық жасауының алдын алу, сотталғандарды оң жолға бағыттауға арналған.