ЖАСТАРДЫ ЖАТ ҚЫЛЫҚТАРДАН АУЛАҚ БОЛУҒА ШАҚЫРДЫ

Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің ата-анасының немесе заңды өкілінің еріп жүруінсіз беймезгіл уақытта жүруін тоқтату, өзге де заң бұзушылық әрекеттерге баруының алдын алу, қылмыстың объектісі немесе субъектісі болуының жолын кесу болып табылды.
Шараға қатысушылар өздерінің биімен есірткі, темекі тарту сияқты жат қылықтарға қарсы екендіктерін, зорлық-зомбылықсыз өмірді қалайтындықтарын білдіріп, ұранды сөздер жазылған көрнекі құралдар арқылы барлығын салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.