КИНОФЕСТИВАЛЬ ҚОНАҒЫ – МИТХУН ЧАКРАБОРТИ
Голливуд және Болливуд жұлдыздары елімізде өтетін Еуразиялық кинофестивальге қатысады. Бұл туралы кинофестиваль директоры Мира Қарсақпаева мәлімдеді.
Үндістанның ең танымал әрі ең қымбат актері Митхун Чакраборти таяуда Оңтүстік Қазақстан облысына түсірілімге келеді. Ол тарихи лентаның құрылымына қатыспақ.
«Біз сәуірде Чакрабортидің қатысуымен үнді фильмін түсіреміз. Фильм Шымкентте түсіріледі», - деді Мира Қарсақпаева.
Оның айтуынша, кинофестивальге 2016 жылдан бері түсірілген толықметражды кез келген фильм қатыса алады. Ал биылғы кинофестивальдің басты қонағы – Голливуд жұлдызы Бред Питт болмақ.
Дереккөз: tvk-uko.kz