ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің 2018 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді нақтылау бойынша Жаңақорған ауданында департамент құзырындағы мәселелер бойынша аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалында тұрғындар үшін жеке қабылдау өткізілді.
Жеке қабылдауда департамент басшысының орынбасарлары Б.Байхожаев, Е.Қарымсақов және «Нұр Отан» партиясы Жаңақорған аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары М.Балқожаев қатысты.