МҰЗДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен жиында құтқарушылар облыс тұрғындарын қыс мезгілінде су объектілеріндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.
- 2016-2017 жылдары су қоймаларында 4 қайғылы оқиға тіркелді. Қазіргі уақытта облыстың су қоймаларында мұз жамылғысы сақталуда. Біз қадағалауды күшейтіп отырмыз. Су қоймаларындағы апаттардың алдын алу үшін бөлімшенің құтқарушылары қыста су объектілеріндегі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша алдын алу шараларын үнемі өткізіп тұрады, - деді "Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы" ММ бастығы Бақыт Ембергенов.
Айта кетейік, құзырлы мекемелермен жасалған бірлескен кешенді жоспарға сәйкес Қызылорда облысы, Шиелі, Арал және Қазалы аудандарында орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, ішкі істер бөлімі және төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп құтқарушылар 4 мәрте рейд өткізді. Бұдан басқа, қалалық мектептерде және облыстың аудандарында интерактивті сабақтар өткізіліп тұрады, бейнероликтер көрсетіліп, парақшалар таратылған.