ГАЗ ҚҰБЫРЫНАН БОЛҒАН ОҚЫС ОҚИҒАДАН ЗАҚЫМДАЛҒАН ҮЙ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ
14 ақпан күні Қызылордадағы екінші газ тарату станциясының қалаға шығатын магистралды газ құбырында авария болып, газ қалаға уақытша АГТС-1 арқылы берілген болатын. Осы оқиғаның салдарынан Тайманов көшесіндегі көппәтерлі екі үйде оқыс оқиға орын алды. АГТС-2-ден газ беру тоқтатылып, АГТС-1 қосылған кезде үйде тұрғындар болмаған. Өшіп қалған пеш газ АГТС-1 арқылы берілгенде қайта жанған. Нәтижесінде бөлмеге газ жиналып, үйлердің бірінде жарылыс болып, пеш тұрған бөлменің қабырғасы опырылып түскен. Бүгінде мамандар құлаған қабырғаны қайта тұрғызды. Оқыс оқиға болған үйдің екіншісінде тұрғынның бетін жеңіл күйік шалған, оның жағдайы жақсы. Қазіргі кезде қала толығымен көгілдір отынға қосылды.