ЖОЛДАУДАН ТУЫНДАҒАН МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгін Елбасының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру жөніндегі республикалық ақпараттық топ мүшелерінің қатысуымен облыс активі өтті. Жиынға аймақ басшысы Қ.Көшербаев қатысып, насихат топ өкілдерінің жұмысына сәттілік тіледі.
- Мемлекет басшысы өз Жолдауында Халықаралық валюта қоры мен Бүкіләлемдік банктің болжамы бойынша алдағы екі жылда әлемдік экономиканың даму деңгейі бәсеңдей түсетіндігін айтты. Бұл әлбетте, елдің әлеуетіне өз ықпалын тигізбей қоймайды. Осы орайда, мұнайдан және ураннан түсетін табыстың 94,6 пайызына тәуелді өңір экономикасын әртараптандыруда жүзеге асырып жатқан жобаларымыз дұрыс бағытты таңдағанымызды көрсетті. Десе де бұл, Елбасы Жолдауында айтылған дағдарыстың алдын алудағы басты шарттардың бірі болып қала береді. Ал, жаһанды шарпыған күрделі кезеңнен Мемлекет басшысы айтқандай, жұдырықтай жұмыла білген бірлікті халық қана өтеді, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауының басым бағыттары мен негізгі міндеттері бойынша ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қ.Сұлтанов, «Аквалайн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты Ғ.Жақсылықов және Қызылорда қаласындағы № 233 орта мектептің директоры А.Мұсаева баяндама жасады. ҚР Денсаулық және әлеуметтік даму министрі Т.Дүйсенова өз сөзінде әлеуметтік міндеттемелерді орындауға және аз қамтылған халық топтарын қолдауға қосымша 10 триллион теңге қарастыралытындығын жеткізді.
Жалпы, баяндамашылар жеті бағыттан тұратын Жолдаудан туындаған міндеттерді саралады. Алда атқарылатын ауқымды жобалар турасында пікірлерін білдірді. Жиынға қатысушылар 5 жылға жоспарланған бағдарламаның тиянақты орындалуына жұдырықтай жұмыла жұмыс жасайтындықтарын жеткізді.
Сондай-ақ республикалық ақпараттық топтың құрамына енген ҚР Парламентінің депутаттары, бірқатар салалық министрліктердің вице-министрлері, комитет төрағалары Жолдаудың негізгі ережелерін халыққа түсіндіру мақсатында бүгін аудандарға іссапарға шықты.