КЕЛЕР ЖЫЛДАН БАСТАП ТІРКЕЛМЕГЕН ТЕЛЕФОНДАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛМЕЙДІ
2019 жылдың қаңтар айынан бастап тіркелмеген телефондар үшін байланыс қызметтері көрсетілмейтін болады. Көптеген тұтынушылар ұялы телефон операторлары бөлімшелеріне жүгінгісі келмейді. Сондықтан бүгінде электрондық-цифрлы қолтаңба, SMS немесе USSD-командалар арқылы онлайн тіркеудің баламалы жолдары қарстырылуда. Бұл туралы Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев "Казахстанская правда" газетіне берген сұхбатында айтты.
"БАҚ туралы заңның жүзеге асырылуы бойынша күрделі мәселелер жоқ. Міндетті сәйкестендіруге қатысты біз "пікір білдірген" интернет-ресурс басшыларының барлығымен кездесіп сөйлестік. Қажет жұмысты олар жақын уақытта атқарып бітеді. Бұл ретте бір реттік SMS-құпиясөз арқылы тіркеу ыңғайлы болып тұр", - деді Абаев.
Министр IMEI-кодтарды тіркеу туралы шешім экстремизм және терроризммен күресті күшейту аясында 2016 жылы енгізілгенін атап өтті.
"IMEI-код ұялы телефон иесін анықтауға мүмкіндік бермейді. Сондай-ақ, нарықта IMEI-коды бірдей ұялы телефондар да кездесіп жатады. Бұл жағдайға байланысты бірден-бір шешім ретінде IMEI-кодты ЖСН және абонемент нөміріне байланыстыру болып отыр. Ал телефон осылайша тіркелген кезде, оны ұрлау әрекеті де мағынсыз болып қалады"
Министрдің айтуынша уақытша тіркеу кезіндегідей жағдай қалыптаспас үшін бұл тәртіпті енгізуге 1 жылдай уақыт бөлініп отыр.