АДАМИ КАПИТАЛДЫ ДАМЫТУ
Нысаналы басымдық ретінде білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру болып табылады, әсіресе өзіндік білім алу дағдысын дамыту, мектепке дейінгі білімдегі балалардың әлеуметтік дамуын дамыту және педагогтарды оқыту, олардың біліктілігін арттыру.
Осыған орай:
4 балабақшаның, оның ішінде Қармақшы ауданының Иіркөл елді мекеніндегі №12 «Самал» және Төребай би елді мекеніндегі №15 «Ақ көгершін» – 50 орындық 2 балабақшаның, Қызылорда қаласының Тасбөгет кентіндегі 140 орындық, Шиелі ауданының Тартоғай елді мекеніндегі 90 орындық балабақшаның құрылысын аяқтау;
6 мектептің құрылысын аяқтау, оның ішінде Арал ауданы, Арал қаласының Сәдібекова көшесіндегі №23 «Б», Қазалы ауданы Әйтеке би кенті, Қорқыт ата көшесі бойындағы №13 «В» уачскесіндегі, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентіндегі, Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі №183 300 орындық 4 мектептің құрылысы, Жаңақорған ауданының Қожамберді елді мекеніндегі 200 орындық №162 мектеп және Аққұм елді мекеніндегі 100 орындық мектеп;
Шиелі ауданы Шиелі кентінде №45 Ақ-орда мектеп гимназиясының қосымша корпусының құрылысын аяқтау;
Қармақшы ауданындағы жаз-қыс мезгілдерінде балалар демалысына арналған лагерь құрылысын аяқтау;
Қызылорда қаласы, Жаппасбай батыр көшесі бойында №2 тұрғын кварталында 600 орындық мектеп құрылысын бастау;
қатысушылардың ақпараттық біліктілігін дамыту мақсатында «Ақпараттық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында кеңжолақты интернетті енгізуді, мектептерді видео жабдықтармен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыру, «Smart city» тұжырымдамасына сәйкес білім беру функциясы және технологиялар арасында өзара байланысты қолдануды жалғастыру;
«Roboto Fest-2018» балалар фестивалін өткізуді, 46 инновациялық мектептерге «3D» кабинеттерін алу, «IT мектеп-лицейін» құруды жалғастыру;
орта мектептер, жоғарғы оқу орындары мен колледждердегі үздік мұғалімдерінің видео-сабақ және видео-лекцияларын ғаламтор желісіне орналастыру жұмыстарын жалғастыру;
2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда кезең-кезеңімен ағылшын тілі пәніне көшу жұмыстарын жалғастыру;
білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымының сапасын күшейту бойынша іс-шараларды өткізу;
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбелейтін және қоғамдық санасын қалыптастыруға ықпал ететін іс-шаралар өткізу, оларды 2018 жылға өңірлік жоспарға қосу;
мектепке дейінгі білім беруде өздігінен оқуды және әлеуметтік дағдыны жетілдіретін балалардың ерте жетілуіндегі бірыңғай стандарттарды енгізу бойынша ұсыныстар енгізу;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне категориялардың ара жігін ұлғайта отырып мұғалімдердің еңбек ақысын 30-дан 50 пайызға дейін арттыратын ұлттық біліктілік тестісі негізінде біліктілігінің деңгейін ескеретін мұғалімдер үшін педагогикалық шеберлігі категориясына жаңа кесте енгізу бойынша ұсыныс енгізу;
оқушылар үйінің базасында барлық қажетті инфрақұрылымы бар балалар технопарк желісін және бизнес-инкубаторлар құру жөнінде ұсыныстар енгізу;
халықаралық талаптарды және цифрлық дағдыларды ескере отырып және жұмыс берушілерді тарта отырып техникалық және кәсіптік білім берудегі білім беру бағдарламаларын жаңарту бойынша ұсыныс енгізу, «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» бағдарламасы бойынша жұмыстарды жалғастыру.