НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ АРҚЫЛЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ
салықтық органдарда тіркелмеген өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды рәсімдеу бойынша шаралар атқару;
түрлі жеке кәсіпорындар мен мекемелер басшыларымен іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз ету (кездесулер, брифингтер, сұхбаттар);
жас кәсіпкерлер арасында әртүрлі іс-шаралар өткізу (бизнес-стартаптар, конкурстар және тағы басқалар);
2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында шағын несие беруді қамтамасыз ету;
2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту және «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламалары шеңберінде кәсіпкерлік негіздерін оқытуды ұйымдастыру;
«Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау арқылы кәсіпкерлердің несие құнын арзандату бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
«Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде несиелерді ішінара кепілдендіру арқылы кәсіпкерлердің жобалары бойынша жетіспейтін кепілдікті қамтамасыз ету;
«Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы арқылы несие алуға құжаттарды қабылдау рәсімін электронды жүйеге ауыстыруды қамтамасыз ету;
2017 жылы салық органдарында тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің 100 пайыз белсенді қызмет жасауын қамтамасыз ету;
нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының шағын несиелендіру бағыты бойынша жыл аяғына дейін әр аудан/қаладан кемінде 50 жобадан ұсынуды қамтамасыз ету;
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының «Бастау бизнес» компоненті бойынша әр ауылдық округтің жұмыссыздары мен өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды окытуды қамтамасыз ету.