«БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҰЖЫМЫ МЕН СТУДЕНТТЕРІ ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі ең маңызды тарихи оқиға болып табылады. Өйткені, Жолдау аясында көрсетілген мәселелер мемлекеттің бағытын айқындап, еліміздің әлеуметтік-саяси жағдайын сипаттайды.
Осы уақытқа дейін Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы университет ұжымы мен студенттер арасында кеңінен насихатталып, топтарда тәлімгерлік сағаттар да жүргізілді. Қалалық ақпараттық-насихат тобы да студенттермен кездесті.
Осы аптада (21.11.2014 ж.) университет профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері Мемлекет басшысының Жолдауын қолдау мақсатында кездесу өткізді. Кездесуге «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ө.М. Болатбеков, «Болашақ» университетінің ғылыми жетекшісі, экономика ғылымдарының докторы, ҚР ҮҒА корреспондент-мүшесі Б.С. Досманбетов қатысты.
«Болашақ» университетінің баспасөз қызметі