2018 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ КЕЗЕКТЕГІ ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ
2018 жылға арналған Қызылорда облысы әкімінің бірінші кезектегі Іс-қимыл жоспары туралы.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) 2018 жылға арналған Қызылорда облысы әкімінің бірінші кезектегі Іс-қимыл жоспары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;
2) 2018 жылға арналған Қызылорда облысы әкімінің бірінші кезектегі Іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс шаралар жоспары) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Іс-шаралар жоспарын іске асыруға жауаптылар:
1) Іс-шаралар жоспарының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын;
2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ына дейін Іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша ақпаратты «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпаратты тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-іне дейін «Қызылорда облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Қ.Д.Ысқақовқа жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.
Қызылорда облысының
әкімі Қ. Көшербаев