БОЯУЛАР СЫР ШЕРТЕДІ ЭСТЕТ-ШОУ

Шара барысында қатысушылардың назарына танымал отандық және шетелдік суретшілердің картиналарының көшірмелері ұсынылды. Картина авторының өмірбаяны мен еңбектеріне қысқаша шолу жасалды. Сонан соң көшірмелер қарапайым адамның көзқарасымен және суретшінің көзқарасымен салыстырмалы түрде түсіндірілді. Шараға сурет үйірмелеріне қатысып жүрген әуесқой суретшілер мен студент жастар қатысты. Әр туындының қыр-сырын жете түсіндіріп, жастарға бейнелеу өнерінің өміршеңдігі жайында сурет үйірмесінің жетекшісі Баян Абуова мен облыстық филармония жанындағы сурет үйірмесінің мұғалімі Нұрбек Тайжан айтып берді.

