ТЕМІРЖОЛ ТАСЫМАЛЫНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ КЕҢЕЮДЕ
Қазіргі таңда облыс аумағынан 18 жұп пойызы өтуде, оның 6-уы мемлекетаралық қатынасқа жатады (Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей Федерациясы).
Облыс орталығынан «Қызылорда-Алматы-Семей», «Қызылорда-Көкшетау», «Қызылорда-Астана» (Тальго) және «Қызылорда-Петропавловск» облысаралық маршрут бойынша 4 жұп пойыздың қозғалысы ұйымдастырылған.
2017 жылдың 1 шілдесінен бастап «Қызылорда-Бесарық-Түркістан» жолаушылар пойызының 1 құрамы жөнелтілді, ол «Пригородные перевозки» акционерлік қоғамының 2 вагонынан құралып, аптасына 5 күн қатынайды (дүйсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жек¬сенбі). Жол бойы пойыз облыстың оңтүстік бағытындағы барлық аудан орталықтарын, стансаларды, разъездерді қамтиды (Белкөл, Бірқазан, Сұлутөбе, Тартоғай, Бәйгеқұм, Шиелі, Төменарық, Жаңақорған, Аққұм, Талап, Бесарық, және т.б.).