"БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ 2020" БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 2 КЕПІЛДЕНДІРУ КЕЛІСІМ ШАРТЫНА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Екі жоба бойынша жалпы несие сомасы 160 млн.теңгені құрайды және екінші деңгейлі банктен несие алуға құжат рәсімдеуші «Нұрсат-Бауыр LTD» ЖШС және ЖК «Сайлығараев» "Даму" Қорынан 50%-ға дейін кепілдендіруге қол жеткізді, әрі несие пайызы мемлекет тарапынан субсидияланатын болады.
Бірінші жобаның бастамашысы «Нұрсат-Бауыр LTD» ЖШС-і болып табылады, компанияның негізгі қызметі мұнай компанияларына кен орнында қызмет көрсету. Мемлекет қолдауы аясында компания ішінде кондитерлік цех орналасатын қонақ үй кешенін салуды жоспарлайды. «Нұрсат-Бауыр LTD» ЖШС-ің жоба құны 120 млн.теңге және «Қазақстан Халық Банк» АҚ-на несие алуға өтініш берген уақытта Даму Қоры кәсіпорынның жобасын "БЖК2020" бағдарламасы аясында 50%-ға дейін кепілдендіруді мақұлдады. Компанияда бүгінде 165 адам жұмыс жасайды, сонымен қатар «Нұрсат-Бауыр LTD» ЖШС-ің жобасы жүзеге асқан уақытта тағы 39 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Компания директоры Әбілқасым Ерасылдың сөзінше, кондитерлік цех қызметкерлерін оқыту үшін арнайы Түркиядан кондитер маманын шақырту жөнінде ынтымақтастық келіссөздер жүріп жатыр.
Екінші жоба бойынша жеке кәсіпкер Айдос Сайлығараев Қызылорда қаласында тағы бір кондитерлік цехын несие қаражаты есебінен ашуды көздеп отыр. «Браунис» сауда белгісімен түрлі кондитерлік өнімдер шығару өндірісінде тәжірибесі мол облыс кәсіпкері несие қаражатына өнімді сақтауға және өндіріске қажетті жаңа құрал-жабдықтар сатып алу мен айналым қаражатын толықтыруды жоспарлайды. Бұл жобаны да шағын және орта бизнесті белсенді қолдап жүрген Халық Банкі қаржыландыратын болады. Жеке кәсіпкердің жобасы жүзеге асса тағы 5 азамат тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.