ФРИСТАЙЛ ТАРИХЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ОЛЖА

"Сізді XXIII Қысқы Олимпиада ойындарының алтынға бергісіз қола медальмен құттықтаймын. Әлемнің ең мықты деген спортшыларымен сайысқа түсіп, ел намысын қолдан бермедіңіз. Өзіңіздің жарқын жеңісіңізбен спортсүйер қауымды бір серпілтіп тастадыңыз. Қазақ елі сізді мақтан тұтады! Жеңісті жолыңыз жалғасын тапсын. Сізге алдағы уақытта да мол табыс тілеймін", - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Сондай-ақ, министр өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында қазақстандықтарды алғашқы медальмен құттықтады.
Еске сала кетейік, Юлия Галышева 77.40 нәтижесімен Олимпиаданың қола медалін жеңіп алды. Екінші орынды канадалық Жюстин-Дюфор-Лапонт иеленсе, алтын француздық спортшы Пьеррин Лаффонттың еншісінде. Бұл қазақстандық фристайл тарихындағы алғашқы олимпиада медалі.