ШАҢҒЫ СПОРТЫНЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІН МЕҢГЕРДІ

Оқу практикасына Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық кафедрасының меңгерушісі Ж.М.Есіркепов, аға оқытушы С.Ө.Ержанов және Дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі В.В.Мощеев жетекшілік жасады.
Студенттер оқу практикасында хоккей, шаңғы спортының әдіс-тәсілдерін меңгерді. Оқу практикасы соңында шаңғы спортынан 5 км қашықтықта норматив тапсырды. Сонымен қатар Қазақстанның ең сұлу да көркем өңірінің ғажап табиғатымен танысып, «Оқжетпес», «Жұмбақтас», «Абылайхан» алаңына экскурсия жасап, рухани азық алып қайтты.