ОЛИМПИАДА-2018: ҚАЗАҚСТАН 11 ОРЫНДА

Кеше фристайлшы Юлия Галышева алғашқы қола медальды жеңіп алды. Нәтижесінде Қазақ елі қысқы Олимпиада ойындарында медаль алған 11 мемлекеттің тізіміне енді.
Қазіргі таңда бірінші орында 3 алтын, 1 қола медальмен Германия құрамасы тұр. Екінші орынға 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль жеңіп алған Нидерланды мемлекеті жайғасты. Ал үшінші орында 1 алтын, 4 күміс, 3 қола медальмен Норвегия құрамасы тұр.
Тартысты додада бүгін бағын сынайтын қазақстандық спортшылар туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
Айта кетейік, жарысқа 92 елдің спортшылары қатысып жатыр. Қысқы Олимпиада ойындары 9-25 ақпан аралығыда өтеді.