АҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ АЛҒАШҚЫ КҮНІНДЕ ҮШ МОГУЛШЫМЫЗ ФИНАЛҒА ШЫҚТЫ
Юлия Галышева, Дмитрий Рейхерд пен Павел Колмаков могулдан финалға жолдама алды, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандық фристайлшылар Олимпиада ойындарындағы могул сайысының іріктеу кезеңінде бақ сынады.
Юлия Галышева бірінші мүмкіндігінен-ақ 76.36 ұпай жинап (7 орын), финалға жолдама алды. Өкінішке қарай, ақтық сынға Аяулым Амренова өте алмады - 52.78 ұпай (26 орын).
Ерлер арасындағы сайыста Дмитрий Рейхерд пен Павел Колмаков та келесі кезеңгі өтті. Дмитрий 81.23 ұпай (3 орын) жинаса, Павелдің көрсеткіші - 79.98 ұпай (7 орын).
Еске сала кетейік, қысқы Олимпиадада могулшыларымыз нешінші болып шығатыны кеше белгілі болды.
Спортшылардың жарыс жолына қай нөмірмен шығатындары әлемдік рейтингісіндегі орнына сәйкес берілген.