«ҚАҚПА АЛДЫНДА КЕЗДЕСУ» ӨТТІ

Осы орайда, жаза мерзімінің аяқталуына байланысты босатылған И.Кулишовты Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының жергілікті полиция және қалалық пробация қызметі, Қызылорда облысы бойынша қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығы мен «Арылу» қоғамдық қорының өкілдері шақырылып, «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы бойынша мекеме әкімшілігі шығарып салу іс-шарасын өткізді.
«Қақпа алдында кездесу» аясында жаза мерзімінің аяталуына байланысты сотталғандардың денсаулық жағдайы, білім деңгейі, жұмыспен қамтылуын, тұрғылықты жерінің болуы, сондай-ақ оған көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемін анықтау үшін қажетті мәліметтер, жеке тұлғасын зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Шара соңында босатылушы И.Кулишов мекеме әкімшілігіне алғысын айтып, ризашылығын білдірді.