БАЙҚОҢЫРДАҒЫ ЖАЛҒА БЕРІЛГЕН ЖЕРЛЕР ҚАЙТАРЫЛУДА
Қызылорда облысында 2017 жылы түгендеу жұмыстары жалпы көлемі 3327,9 мың гектарды құрайтын 80746 жер учаскесінде жүргізілді. Оның ішінде: ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 7581 учаскесі 2938,2 мың га, елді мекен жерлері 73165 учаске 689,7 мың га.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға енгізу шаралары жүргізілді. 2017 жылы 80,0 мың га жерді ауыл шаруашылығы айналымына алу жоспарланып, 81,3 мың гектар айналымға қосылды.
Соңғы 5 жылда түгендеу жұмыстары үш рет (2011, 2012-2014, 2017) жүргізіліп, нәтижесінде 311,2 мың га жерлер пайдаланылмай отырғандығы анықталды.
Оның 272,8 мың га (88%) шаруашылықтардан мемлекет меншігіне қайтарылды, 35,6 мың га қайта пайдалануға кіріскен, 1 мың га жерлердің меншік иесі табылмауына байланысты иесіз мүлік ретінде тіркелген, қалған 1,8 мың га жерге тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Елді мекен шекараларын белгілеу бойынша 42 елді мекеннің шекарасын өзгерту (кеңейту) жұмыстарына жобалар әзірленіп, қайта бекітілді (Қызылорда қаласы, 7 аудан орталықтары және 34 елді мекендер).
2017 жылы 4 ауданның 29 елді мекеніне шекарасын белгілеу жөнінде жерге орналастыру жобалары әзірленіп, бекітілді (Сырдария, Жалағаш, Қазалы, Арал.)
«Байқоңыр» кешенін пайдалану мақсатында Ресей Федерациясының уақытша пайдаланымында 650,2 мың га жер учаскесі бар (оның ішінде Байқоңыр қаласының әкімшілігінде 5,5 мың га, «Роскосмос» мемкорпорациясында 644,7 мың га жер). 2015-2017 жылдары жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Ресей Федерациясынан жалға алған жерлерінен жалпы көлемі 11,6 мың гектары қайтарылды. Сонымен қатар, жалға алған жерлерден қосымша 3459 гектарды шығару жұмыстары жүргізілуде.