ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ

Аталған жол картасы аясында ауқымды жұмыстар атқарылды. Оның ішінде облыс аумағынан өтетін Сырдария өзені бойындағы қорғаныс бөгеттерінің жалпы ұзындығы 171 шақырымды құрайтын 95 нысанға жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 2017 жылғы су тасқыны қатерін жою мақсатында зақымдалған көпірге және «Жалағаш-Жосалы» автожолының бір бөлігіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Бұған қоса, жылы «Қызылорда қаласының шегінде Сырдария өзенінің сол жағалауын бекіту және реконструкциялау» жобасы басталып, жалпы 8,8 шақырымның 1,4 шақырымына қорғаныс бөгеті салынды.