ҚАРМАҚШЫЛЫҚТАР ТАЗА ЖЕР АСТЫ СУЫН ПАЙДАЛАНАТЫН БОЛАДЫ

Өткен жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген 1 млрд 8 млн.теңгеге 7 елді мекенде 8 жоба іске асырылды. Нәтижесінде, аудандағы 29 елді мекеннің 18-інде толық орталықтандырылған сапалы жер асты суымен үзіліссіз, тәулік бойы қамтамасыз етуге қол жеткізілді.
- Бұл елді мекендерде аудан халқының 99,5 пайызы тұрады. Ал қалған 11 елді мекенде не бары 246 адам ғана тұрады (олар шағын разъездер, малшы ауылдар). Бұл еліміздің Тәуелсіздігінің және Елбасымыздың қолдауының нәтижесі деп білеміз, - деді аудан басшысы.