КӘСІПКЕРЛЕР БАЛЫҚ ӨНІМДЕРІН ЕУРОПАҒА ЭКСПОРТТАУДА

Өңірдегі балық шаруашылығын қалпына келтіру бағытында қолға алынған жұмыстар жалғасып келеді. Өткен жылы ауданда 1,2 млрд. теңге құрайтын 624 тонна балық ауланды. Балықтың берекесі бес батпан деген осы.
- Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді түгендеу барысында аудан аумағындағы көлдерге де зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Биыл балық шаруашылығы мақсатындағы үш көлге (Алтынкөл, Аққұдық, Шортанбасат) конкурс жариялау жоспарланып отыр, - дейді аудан әкімі.
Фариза ОМАРОВА