ОБЛЫС ӘКІМІ ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВТІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Кеше Облыс әкімі Қ.Көшербаев ғимараттың ішін аралап, соңғы үлгіде жабдықталған архив қоймасымен және арнайы құрал-жабдықтармен танысты.
Сыйымдылығы 600 мың құжатқа арналған Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің қор сақтау қоймалары заман талабына жауап беретін мобильдік стеллаждармен, замануи желдеткіш жүйелерімен, автоматты түрде өрт сөндіру құрылғыларымен қамтамасыз етілген.
- Барлық қор сақтау қоймаларына температура және ауа ылғалдылығын өлшейтін құрылғылар орнатылған. Құжаттарды өңдеу үшін реставрациялық кабинеттер ашылған, нәтижесінде құжаттарды нормативке сәйкес сақтауға, өңдеуге, тігіп- түптеуге мүмкіндік туды.
Сонымен қатар, архивте ізденушілер мен пайдаланушыларға оқу және мәжіліс залдары жұмыс жасайды, - деді архив жұмысымен таныстырған мекеме басшысы Н.Қуанышова.
Келген қонақтар Қызылорда облысының құрылғанына 80 жыл толуына, Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналған архив құжаттарынан дайындалған тарихи көрмемен танысты.