ҚАЗАҚСТАН БАНКТЕРІ ҚОР БИРЖАСЫНДА КӨПТЕП ДОЛЛАР САТЫП ЖАТЫР
Қазақстан банктері Қазақстан қор биржасында (KASE) көптеп доллар сатып жатыр деп хабарлайды осы сатылым мәліметтеріне сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.
Апта басынан бері қор биржасында доллар сатылымы күрт артқан. 24 мен 26 қараша аралығында 1,3 миллиардтан астам доллар сатылған. Негізгі ауқымды көлем 24 қарашаға тиесілі, бұл күні шамамен 1 миллиард доллар (800 миллионнан астам) сатылған.
"Асыл Инвест" сараптама компаниясы департаментінің директоры Айбар Байкеновтің сөзіне қарағанда, қазақстандық банктер бұл валюта түрін өз тұтынушыларының теңгесін айырбастауда сатқан. "Осы аптада салық алымы жүріп жатыр, бұл сонымен байланысты болуы керек. Қазір экспортшыларға теңге керек, ал олардың барлық табысы долларда болады. Салықты теңгемен төлеуі тиіс болғандықтан олар осы доллар түріндегі табысын теңгеге айырбастау қажет. Сондықтан олар банктен оны теңгеге айырбастауды сұрап жатқан болуы мүмкін" дейді ол.
Байкенов қазір долларға аса сұраныс болмай тұрғанын, керісінше долларды теңгеге айырбастау қажеттілігі артқанын айтады. "Долларды теңгеге айырбастау жүріп жатыр. Бұл қандай да бір девальвация болып қалу күдігін тудырмайтын жайт. Қазақстандық банктер бұрынғыдай доллар сатып алмайды, керісінше долларды сатып, теңге сатып алып жатыр" дейді ол. Сарапшы долларды нарыққа қатысушы ірі субъектілер сатып алып жатқан болуы мүмкін деп болжайды. "Потенциалды сатып алушы Ұлттық банк болуы да ықтимал" дейді ол.