ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТТІҢ ЖАҢА ДАМУ МҮМКІНДІКТЕРІ
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде оқытушы-профессорлар және студенттердің қатысуымен Елбасы Жолдауына орай "Қалыптасқан мемлекеттің жаңа даму мүмкіндіктері" тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.
Жиынды ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Ибадулла Таутенов жүргізіп отырды.
Өздеріңізге белгілі, 2018 жылдың 10 қаңтарында Елбасы Н.Ә.Назарбаев "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Жолдауын жариялаған болатын. Жолдаудың еліміз үшін маңызы зор, себебі ол жаңа әлемге бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін негізгі 10 міндетті айқындап берді.
«Дөңгелек үстел» барысында профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш.Майгельдиева "Новые возможности развития образования на современном этапе", экономика ғылымдарының кандидаты А.Әбдімомынова "Мемлекеттік басқару тиімділігі - ел дамуының кепілі", қаржы кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының кандидаты Қ.Жрауова "Астана" халықаралық қаржы орталығы - экономикалық өсуді қамтамасыз ету бағыты", заң ғылымдарының кандидаты Л.Қаржаубаева "Верховенство закона - основа противодействия коррупции", химия ғылымдарының кандидаты Н.Аппазов "Мұнай-газ химиясының даму қарқыны тоқтамайды", аграрлық технологиялар кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты С.Ибадулла "Жаңа технологияларды игеру - цифрлы болашақтың кілті" тақырыбында баяндама оқып, қатысушылармен пікір алмасты.