НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ 1 ЖЕЛТОҚСАНДА ЕЛДІҢ БАСТЫ ШЫРШАСЫНЫҢ ШЫРАҒЫН ЖАҒАДЫ
Қазақстан Президенті 1 желтоқсанда елдің бас шыршаның шырағын жағу рәсіміне қатысады,- деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, 1 желтоқсанда Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік шаралар аясында Мемлекет басшысының байрағын салтанатты түрде көтеру және Мемлекеттік күзет қызметінің туын тапсыру рәсімі өтеді.
2 желтоқсанға Мемлекет басшысының Түрікменстанға ресми сапары жоспарланған. Оның аясында сол елдің басшылығымен келіссөздер өтеді.
3 желтоқсанда Елбасы Қазақстан, Түрікменстан және Иран аумағы арқылы өтетін "Өзен – Берекет – Гөрган" халықаралық теміржол магистралінің ашылуына қатысады. Бұл теміржол аталған елдердің аумағы арқылы ең қысқа жолмен жүк тасымалын қамтамасыз ететін болады.
5-6 желтоқсан күндері Француз Республикасының Президенті Франсуа Олланд ресми сапармен Қазақстанға келеді. Екіжақты кездесулер аясында Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылы Францияға барған сапарында жасалған уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысы қаралып, өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланады.