САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН НАСИХАТТАДЫ
![](https://oldkaz.kyzylorda-news.kz/uploads/posts/2018-01/thumbs/1517392645_31spasateli1.jpg)
Шараның негізгі мақсаты - наркологиялық орталық мамандарымен бірлесе отырып құтқарушылар арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау.
Семинарға жасақтың жеке құрамы, «Облыстық жастар денсаулық орталығының» валеологы Гулдана Алмурзаева, Қызылорда облыстық наркология орталығының дәрігер-маманы Гүлсім Жакибаева мен салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігер-маманы Индира Болатбекова қатысты.
Семинар барысында жеке құраммен сұрақ-жауап, пікірталас түрінде тақырып кеңінен ашылды. Бұған қоса, агитациялық үнпарақтар мен брошюралар таратылды.
Медициналық-психологиялық бөлімінің медбике-құтқарушысы Жанат Сатыбалдиева шараны қорытындылап, барлық қатысушылар мен қонақтарға алғысын білдірді.
Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы
![](https://oldkaz.kyzylorda-news.kz/uploads/posts/2018-01/1517392572_31spasateli2.jpg)