АРАЛДА ЖАҢА ӨРТ СӨНДІРУ МЕКЕМЕСІ АШЫЛДЫ
Бүгін облыс әкімі Қ.Көшербаев жұмыс сапармен Арал ауданына келді. Аудандық №3 өрт сөндіру мекемесінің жаңа ғимаратының ашылу салтанаты мен «Туған жерге тағзым» акциясы аясында аудан әкімдігі мен кәсіпкерлер арасындағы меморандумға қол қою рәсіміне қатысты.
Сонымен қатар, дәл қазір аудан әкімінің халық алдында есеп беру шарасы өтіп жатыр.