БҮГІН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЙДЫҢ РЕКОРДТЫ ҮЛКЕН БЕЙНЕСІН КӨРЕ АЛАДЫ
31 қаңтарда Ай біздің планетаға рекордты қашықтыққа жақындамақ. Бұның алдында болған Айдың ең үлкен көрінісін астроном ғалымдар өткен ғасырдың ортасында тіркеген болатын, деп хабарлайды.
Ғажайып көріністі тамашалау бақытына Қазақстан, Шығыс Еуропа, Шығыс Африка, Азия, Австралия, Солтүстік Америка, Ресей және басқа да жақын мемлекеттердің тұрғындары ие болмақ.
Айдың жақындауы немесе Үлкен Ай (суперлуние – ред.) – Жердің табиғи серігімен ең жақын қашықтыққа дейін жетуінің барысында, Айдың 14 пайызға үлкен, 30 пайызға жарық болып көрінетін астрономиялық құбылысы.
Ай бұл кезде Жерге әдеттегіден 50 мың километрге жақындайды, сондықтан, ол үлкен отты шарға ұқсас көрініс береді.