МИНИСТРЛІКТІҢ ТАПСЫРЫСЫ БОЙЫНША ТҮСІРІЛГЕН ТЕЛЕХИКАЯЛАР
Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев тілшілерге 2017 жылы министрліктің тапсырысы бойынша түсірілген телехикаялардың таныстырылымын жасады
Өз сөзінде Дәурен Абаев аталған жұмысқа министрліктің айрықша көңіл бөлетіндігі туралы айтты. Атап айтсақ, мемлекеттік ақпараттық тапсырыс аясында 2017 жылы 40 телехикая түсірілді. Бұл одан өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда екі есе көп. Сонымен қатар, халқымызыдң ұлттық құндылықтарын насихаттайтын әлеуметтік роликтерді түсіру жұмысы қолға алынды, атап айтсақ 2017 жылы 131 әлеуметтік ролик түсірілген. Бұл қазақстандық телевизия тарихындағы рекордттық көрсеткіш.
Аталған шаралар отандық медиа-нарықтың шетелдік өнімге тәуелділігін азайтуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, аталған телехикаялар замануи қазақстандық қоғамда орын алып жатқан маңызды әлеуметтік құбылыстар туралы әңгіме қозғайды. Олар қазақстандық қоғамның дәстүрлі құндылықтарын насихаттауға бағытталған. Бұдан басқа, Министрлік қазақ тіліндегі мазмұнды өндіруге ерекше назар аударады, бұл өз кезегінде мемлекеттік тілді дамытуға оң әсерін тигізуде.
Мысал ретінде төрт телехикаяның видеожарнамалары көрсетілді. Олар: XVII ғасырдың басындағы қазақ батырларының өмірі жайлы баяндайтын «Батырлар жолы», XX ғасырдың басындағы дәуірлік оқиғаларды туралы сыр шертетін тарихи драма - «Тар-Заман», 60 сериядан тұратын «Асыл Арман» теленовелласы және діни лаңкестік пен экстремизмге қарсы күресетін қазақстандық арнайы қызметтердің жұмысы туралы ақпар беретін «Қызыл деңгей» телехикаясы.
Сондай-ақ, іс-шараға «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасы Ерлан Карин, «Астана» телеарнасының бас директоры Ләззат Танысбай, «Хабар» Агенттігі » АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ринат Кертаев және КТК арнасының бас директорының орынбасары Дәурен Меркеев қатысты. Телеарналардың басшылары телехикаялар өндірісі және келесі жылға жоспарлары туралы әңгімелеп берді.
mic.gov.kz